30 мамырда КМҚК «ОПДО»-дағы балалар бөлімшесінде біздің кішкентай науқастар үшін нағыз мереке өтті.
Бұл балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылды.
Бұл күні бөлімде балаларға күлкі сыйлайтын шығармашылыққа толы іс-шаралар көп болды:
-балалар сурет салды, биледі, ойын ойнады
-көңілді конкурстарға қатысты
-ересектердің тарапынан болған назары мен жылуына бөлінді,қуанды
Осы орайда Жезқазған қаласының «Halyk Bank» басшылығы мен ұжымына балаларға арнайы табыстаған сыйлықтары мен іс-шараға қатысқаны үшін ерекше алғысымызды білдіреміз.
Әр бала сыйлық ретінде тәрбиелік маңызы бар қызықты ойыншықтар алды.
Біз балалардың көзінен шынайы қуаныш көрдік!
Осындай мерекені балаларға сыйлағандарыңыз үшін барлықтарыңызға алғысымыз шексіз!
