Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні

Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні

Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні — БҰҰ-ның халықаралық күні, жыл сайын 1 желтоқсанда аталып өтеді. Алғаш рет 1988 жылы ДДСҰ жариялап, 1996 жылдан бастап ЮНЭЙДС ұйымдастырып келеді. Бұл күннің мақсаты — ВИЧ-инфекциясының таралуынан пайда болған ЖИТС індеті туралы хабардарлықты арттыру, сондай-ақ осы аурудан қайтыс болғандарды еске алу.

Психиатр-нарколог дәрігер Бейбітов Даулет Абдуллаевич жұмыс сапарымен Жайрем кенті мен Қаражал қаласына барды

Психиатр-нарколог дәрігер Бейбітов Даулет Абдуллаевич жұмыс сапарымен Жайрем кенті мен Қаражал қаласына барды

2025 жылғы 04 және 05 қараша күндері психиатр-нарколог дәрігер Бейбітов Даулет Абдуллаевич жұмыс сапарымен Жайрем кенті мен Қаражал қаласына барды. Сапар барысында ол психиатрия және наркология саласындағы жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Зиянды әдеттердің жас өсіп келе жатқан организмге кері әсері

Зиянды әдеттердің жас өсіп келе жатқан организмге кері әсері

2025 жылғы 4 қараша мен 5 қараша күндері Жайрем кентінде, Қаражал қаласында мектеп оқушылары арасында Орталық психикалық денсаулық сақтау орталығының психологы Миронова Виктория Владимировна «Зиянды әдеттердің жас өсіп келе жатқан организмге кері әсері» және «Лудомания дегеніміз не» тақырыптарында дәрістер өткізді.
Оқушылар аталған тақырыптарды белсенді түрде талқылады. Өздері үшін көптеген жаңа әрі қызықты мәліметтер алды.

Ойынға тәуелділік-одан шығу жолы

Ойынға тәуелділік-одан шығу жолы

20.08.2025 ж. психиатр-нарколог дәрігер Аниар Б.А. ҚР ІІМ Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлеріне «Ойынға тәуелділік-одан шығу жолы.»тақырыбында семинар — сабақ өткізді.

3-ші қазақстандық психотерапевтік семинар-тренингке қатысты

3-ші қазақстандық психотерапевтік семинар-тренингке қатысты

11-16.08.2025 ж аралығында біздің мекеменің психологтары Ахмедова А. А. және Миронова В.В. Алматы қаласындағы «Қоғамдық денсаулық сақтаудың жоғары мектебі» Қазақстан медициналық университетінің базасында, Ресей Федерациясының Санкт-Петербург қаласындағы Б. Д. Карвасарский атындағы танымал және жетекші психотерапевтері — психотерапия және медициналық психология институтыны оқытушылары өткізген 3-ші қазақстандық психотерапевтік семинар-тренингке қатысты.

ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ДӘРІГЕРЛЕРІ «МЕН НЕГЕ МЕДИЦИНАНЫ ТАҢДАДЫМ» ЧЕЛЛЕНДЖІН ҚОЛДАЙДЫ

ДӘРІГЕРЛЕРМЕН БЕЙНЕ ЧЕЛЛЕНДЖ: АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАНДАРМЕН СҰХБАТТАР
⚡️15 маусымда бүкіл елде атап өтілетін Медицина қызметкері күніне орай Денсаулық сақтау министрлігі бастаған #Мендәрігермін #яврач хэштегтерімен «Мен неге медицинаны таңдадым» дәрігерлермен челленджді Ұлытау облысының дәрігерлері қолдайды.

30 мамырда КМҚК «ОПДО»-дағы балалар бөлімшесінде біздің кішкентай науқастар үшін нағыз мереке өтті.

30 мамырда КМҚК «ОПДО»-дағы балалар бөлімшесінде біздің кішкентай науқастар үшін нағыз мереке өтті.

Бұл балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылды.
Бұл күні бөлімде балаларға күлкі сыйлайтын шығармашылыққа толы іс-шаралар көп болды:
-балалар сурет салды, биледі, ойын ойнады
-көңілді конкурстарға қатысты
-ересектердің тарапынан болған назары мен жылуына бөлінді,қуанды
Осы орайда Жезқазған қаласының «Halyk Bank» басшылығы мен ұжымына балаларға арнайы табыстаған сыйлықтары мен іс-шараға қатысқаны үшін ерекше алғысымызды білдіреміз.
Әр бала сыйлық ретінде тәрбиелік маңызы бар қызықты ойыншықтар алды.
Біз балалардың көзінен шынайы қуаныш көрдік!
Осындай мерекені балаларға сыйлағандарыңыз үшін барлықтарыңызға алғысымыз шексіз!