Ұлыстың ұлы күні — Наурыз

Ұлыстың ұлы күні — Наурыз

Құрметті әріптестер!
Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесімен жеке оз атымнан және Облыстық психикалық денсаулық орталыгы ұжымының атынан шын жүректен құттықтаймын!
Жаксылықтын жаршысы, жаңа жылдын бастауы Наурыз мейрамы туган жер топырағына құт береке әкелсін!
Еліміз тыныш,тұган жеріміз аман болып, Наурыз әр отбасына бақыт пен береке сыйласын!
Ұлыс оң болсын,Ақ мол болсын.

ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ

Психикалық денсаулықты қорғау қызметі

2023 жылдың қаңтар айынан бастап Ұлытау облысының психикалық денсаулықты қорғау қызметі дербес заңды тұлға ретінде жұмыс істейді. Оның құрамына облыстық психикалық денсаулық орталығы, Жезқазған және Сәтбаев қалаларындағы екі бастапқы психикалық денсаулық орталығы, қалалық және аудандық ауруханалар жанындағы төрт психикалық денсаулық кабинеті кіреді.
Облыстық орталықтың құрылымына жалпы қуаты 110 төсектік бес стационарлық бөлімше кіреді, оның ішінде 85 психиатриялық бейіндегі төсек (оның ішінде 25 балалар төсегі) және 25 наркологиялық бейіндегі төсек, 15 төсектік күндізгі стационар жұмыс істейді.
Қазіргі уақытта орталықта 9 дәрігер мен 45 мейіргер қызмет жасайды, басшысы Қалметов Нұрбек Тағайұлы. болып табылады. Психиатр-наркологтар мен психотерапевттерді тарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. 2023 жылдан бастап 3 маман, оның ішінде біреуі медициналық қызметкерлерді әлеуметтік қолдау жобасы бойынша келді (7 млн теңге көлемінде көтерме төлем төленді). Сонымен қатар, оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету көзделген.

Орталықта психикалық және мінез-құлық бұзылыстары бар, оның ішінде бұзылыстары психоактивті заттарды қолдану салдарынан туындаған адамдар емделеді. Қажет болған жағдайда, негізгі ауруды емдеуден басқа, пациенттерге бейінді мамандар — терапевт, акушер-гинеколог, невропатолог, фтизиатр кеңес береді, диагностикалық зерттеулер, соның ішінде ультрадыбыстық диагностика және рентгенологиялық зерттеулер жүргізіледі.
Балалар психиатриясының дамуына ерекше назар аударылады. Балалар бөлімшесі 25 төсекке есептелген және шекаралық жағдайларды қоса алғанда, жүйке-психикалық бұзылулардың әртүрлі нысандары бар 4 пен 15 жас аралығындағы балаларды тексеруді және емдеуді жүзеге асырады. Мұнда мамандандырылған емдеу-диагностикалық көмек көрсетіледі, сондай-ақ балалардың оқуын бағалау жүргізіледі және қазіргі заманғы диагностикалық жабдықтың көмегімен негізгі ауру бойынша мүгедектік белгілерінің болуы анықталады. Балалардың және олармен бірге жүретін ата-аналардың болуы үшін бөлімшеде қолайлы жағдайлар жасалған, балалардың стационар жағдайына неғұрлым жұмсақ бейімделуіне ықпал ететін ойын және дамыту аймақтары қарастырылған. 2024 жылдың желтоқсан айынан бастап бөлімше қаланың орталық бөлігіне көшірілді, бұл ата-аналар мен балаларға медициналық көмектің қолжетімділігін едәуір арттырды.
2025 жылы 15 төсектік психоактивті заттарды қолдану салдарынан психикалық және мінез-құлық бұзылыстары бар адамдарды мәжбүрлеп емдеу бөлімшесі, 5 төсектік психикалық және мінез-құлық бұзылыстары бар адамдарды медициналық-әлеуметтік оңалту бөлімшесі ашылды.
Ұлытау облысының психикалық денсаулықты қорғау қызметі пациенттерді емдеуге, алдын алу және оңалту бағыттарына заманауи тәсілдерді енгізе отырып, өңір халқына мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігі мен жоғары сапасын қамтамасыз ету арқылы серпінді дамуын жалғастыруда.

Кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтің алдын алу

Кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтің алдын алу

19.12.25 ж. кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтің алдын алу тақырыбында білім беру ұйымдарының өкілдері – мектеп психологтары мен педагогтардың, сондай-ақ ОППД орталығының мамандары – психологтар және ақпараттық-талдау мониторинг орталығының меңгерушісінің қатысуымен бірлескен вебинар өтті.

Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін

Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан психиатр-нарколог дәрігер Тлесова С. М. «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

Құрметті қазақстандықтар, сіздерді Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Құрметті қазақстандықтар, сіздерді Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл – еркіндік пен қуаттың, береке мен игіліктің нышаны болған мереке.
Аспанымыз әрдайым ашық та жарқын болсын, халқымыз бір үлкен отбасыдай тату-тәтті өмір сүрсін.
Еліміз өркендеп, азаматтарымыздың жағдайы жақсара берсін.
Әрбір отбасы мен әрбір шаңыраққа татулық, бейбітшілік, өзара түсіністік пен молшылық тілейміз.

Зиянды әдеттердің алдын алу

Зиянды әдеттердің алдын алу

2025 жылғы 17 қарашада психолог Миронова В.В. Жезқазған қаласының Тау-металлургия колледжінде «Зиянды әдеттердің алдын алу» тақырыбында лекция-тренинг және сауалнама жүргізді. Студенттер әңгімеге белсенді қатысты. Көптеген жаңа мәлімет алды.

Зиянды әдеттердің алдын алу

Зиянды әдеттердің алдын алу

2025 жылғы 17 қарашада психолог Виктория Владимировна Миронова Жезқазған технология және сервис колледжінде «Зиянды әдеттердің алдын алу» тақырыбында лекция-тренинг және сауалнама өткізді. Студенттер бұл тақырыпты белсенді талқылады. Өзі үшін көп жаңа әрі қызықты мәлімет алды.

Лудомания дегеніміз не

Лудомания дегеніміз не

2025 жылғы 5 қараша күні Қаражал қаласында «Қаражал тау-кен технологиялық колледжінде» ауқымды профилактикалық іс-шара өтті. Аталған іс-шараға Орталық психикалық денсаулық сақтау орталығының психологы Миронова Виктория Владимировна қатысып, «Зиянды әдеттердің жас өсіп келе жатқан организмге кері әсері», «Лудомания дегеніміз не» тақырыптарында баяндама жасады.