Психикалық денсаулық сақтау қызметінің ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмысын жетілдіру

Психикалық денсаулық сақтау қызметінің ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмысын жетілдіру

2025 жылғы 11–12 қыркүйек күндері Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны базасында «Психикалық денсаулық сақтау қызметінің ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмысын жетілдіру» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.

Іс-шараға өңірлік психикалық денсаулық сақтау қызметтерінің өкілдері қатысты. Семинар барысында психикалық денсаулық сақтау қызметінің ұйымдастырушылық-әдістемелік сүйемелдеу жүйесінің тиімділігін арттыру, психиатриялық көмектің жағдайын мониторингілеу мен талдаудың заманауи тәсілдерін енгізу, сондай-ақ ведомствоаралық өзара іс-қимылды дамыту мәселелері қарастырылды.

Ұлытау облысынан аталған жиынға Ақпараттық-талдамалық мониторинг орталығының меңгерушісі Дауытбаева А. Р. және дәрігер-психиатр-нарколог Мубаракова Г. Т. қатысты. Қатысушылар көтерілген мәселелердің өзектілігін атап өтіп, халыққа психиатриялық және наркологиялық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында ұйымдастырушылық процестерді одан әрі жетілдіруге дайын екендіктерін білдірді.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығы

Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығы

Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығына орай «АМАNАТ» партиясының Ұлытау облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ерлан Батырбекұлы Мырзабеков біздің қызметкерлерімізге адал еңбегі, жоғары кәсібилігі мен өз ісіне берілгендігі үшін алғыс хаттар табыстап, құттықтау сөзін жеткізді.

Нашақорлықпен және есірткінің заңсыз айналымымен күресудің халықаралық күні.

26 маусымда Дүниежүзілік маңызы бар мереке атап өтіледі. Бұл — Нашақорлықпен және есірткінің заңсыз айналымымен күресудің халықаралық күні. Ол 1987 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының өз қызметін күшейтуге және Нашақорлықсыз әлемдік қоғам құруға деген шешімінің көрінісі ретінде құрылды.
Нашақорлық — есірткіге психикалық және (немесе) физикалық тәуелділіктен туындаған ауру. Есірткі-психикалық жағдайдың өзгеруіне әкелетін табиғи немесе синтетикалық заңмен тыйым салынған заттар. Қазақстанда есірткінің таралуы, басқа елдердегідей, халықтың денсаулығына, ел экономикасына, құқықтық тәртіп пен мемлекет қауіпсіздігіне жаһандық қауіп төндіреді.
Өз ұлтының денсаулығына қамқорлық жасайтын бүкіл әлемдегі адамдар нашақорлық сияқты қорқынышты құбылыспен күресуде бірігеді. Сондықтан бүкіл адамзатқа осы қорқынышты ауруды еске түсіретін Дүниежүзілік нашақорлыққа қарсы күрес күні құрылды.