Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні
Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні — БҰҰ-ның халықаралық күні, жыл сайын 1 желтоқсанда аталып өтеді. Алғаш рет 1988 жылы ДДСҰ жариялап, 1996 жылдан бастап ЮНЭЙДС ұйымдастырып келеді. Бұл күннің мақсаты — ВИЧ-инфекциясының таралуынан пайда болған ЖИТС індеті туралы хабардарлықты арттыру, сондай-ақ осы аурудан қайтыс болғандарды еске алу.
