19.12.25 ж. кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтің алдын алу тақырыбында білім беру ұйымдарының өкілдері – мектеп психологтары мен педагогтардың, сондай-ақ ОППД орталығының мамандары – психологтар және ақпараттық-талдау мониторинг орталығының меңгерушісінің қатысуымен бірлескен вебинар өтті.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан психиатр-нарколог дәрігер Тлесова С. М. «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Бұл – еркіндік пен қуаттың, береке мен игіліктің нышаны болған мереке.Аспанымыз әрдайым ашық та жарқын болсын, халқымыз бір үлкен отбасыдай тату-тәтті өмір сүрсін.Еліміз өркендеп, азаматтарымыздың жағдайы жақсара берсін.Әрбір отбасы мен әрбір шаңыраққа татулық, бейбітшілік, өзара түсіністік пен молшылық тілейміз.
Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні — БҰҰ-ның халықаралық күні, жыл сайын 1 желтоқсанда аталып өтеді. Алғаш рет 1988 жылы ДДСҰ жариялап, 1996 жылдан бастап ЮНЭЙДС ұйымдастырып келеді. Бұл күннің мақсаты — ВИЧ-инфекциясының таралуынан пайда болған ЖИТС індеті туралы хабардарлықты арттыру, сондай-ақ осы аурудан қайтыс болғандарды еске алу.
2025 жылғы 17 қарашада психолог Миронова В.В. Жезқазған қаласының Тау-металлургия колледжінде «Зиянды әдеттердің алдын алу» тақырыбында лекция-тренинг және сауалнама жүргізді. Студенттер әңгімеге белсенді қатысты. Көптеген жаңа мәлімет алды.
2025 жылғы 17 қарашада психолог Виктория Владимировна Миронова Жезқазған технология және сервис колледжінде «Зиянды әдеттердің алдын алу» тақырыбында лекция-тренинг және сауалнама өткізді. Студенттер бұл тақырыпты белсенді талқылады. Өзі үшін көп жаңа әрі қызықты мәлімет алды.
2025 жылғы 04 және 05 қараша күндері психиатр-нарколог дәрігер Бейбітов Даулет Абдуллаевич жұмыс сапарымен Жайрем кенті мен Қаражал қаласына барды. Сапар барысында ол психиатрия және наркология саласындағы жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
2025 жылғы 5 қараша күні Қаражал қаласында «Қаражал тау-кен технологиялық колледжінде» ауқымды профилактикалық іс-шара өтті. Аталған іс-шараға Орталық психикалық денсаулық сақтау орталығының психологы Миронова Виктория Владимировна қатысып, «Зиянды әдеттердің жас өсіп келе жатқан организмге кері әсері», «Лудомания дегеніміз не» тақырыптарында баяндама жасады.
2025 жылғы 4 қараша мен 5 қараша күндері Жайрем кентінде, Қаражал қаласында мектеп оқушылары арасында Орталық психикалық денсаулық сақтау орталығының психологы Миронова Виктория Владимировна «Зиянды әдеттердің жас өсіп келе жатқан организмге кері әсері» және «Лудомания дегеніміз не» тақырыптарында дәрістер өткізді.Оқушылар аталған тақырыптарды белсенді түрде талқылады. Өздері үшін көптеген жаңа әрі қызықты мәліметтер алды.
2025 жылғы 11–12 қыркүйек күндері Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны базасында «Психикалық денсаулық сақтау қызметінің ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмысын жетілдіру» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді. Іс-шараға өңірлік психикалық денсаулық сақтау қызметтерінің өкілдері қатысты. Семинар барысында психикалық денсаулық сақтау қызметінің ұйымдастырушылық-әдістемелік сүйемелдеу жүйесінің тиімділігін арттыру, психиатриялық көмектің…
Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығына орай «АМАNАТ» партиясының Ұлытау облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ерлан Батырбекұлы Мырзабеков біздің қызметкерлерімізге адал еңбегі, жоғары кәсібилігі мен өз ісіне берілгендігі үшін алғыс хаттар табыстап, құттықтау сөзін жеткізді.
20.08.2025 ж. психиатр-нарколог дәрігер Аниар Б.А. ҚР ІІМ Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлеріне «Ойынға тәуелділік-одан шығу жолы.»тақырыбында семинар — сабақ өткізді.
11-16.08.2025 ж аралығында біздің мекеменің психологтары Ахмедова А. А. және Миронова В.В. Алматы қаласындағы «Қоғамдық денсаулық сақтаудың жоғары мектебі» Қазақстан медициналық университетінің базасында, Ресей Федерациясының Санкт-Петербург қаласындағы Б. Д. Карвасарский атындағы танымал және жетекші психотерапевтері — психотерапия және медициналық психология институтыны оқытушылары өткізген 3-ші қазақстандық психотерапевтік семинар-тренингке қатысты.
26 маусымда Дүниежүзілік маңызы бар мереке атап өтіледі. Бұл — Нашақорлықпен және есірткінің заңсыз айналымымен күресудің халықаралық күні. Ол 1987 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының өз қызметін күшейтуге және Нашақорлықсыз әлемдік қоғам құруға деген шешімінің көрінісі ретінде құрылды.Нашақорлық — есірткіге психикалық және (немесе) физикалық тәуелділіктен туындаған ауру. Есірткі-психикалық жағдайдың өзгеруіне әкелетін табиғи немесе синтетикалық заңмен тыйым…
ДӘРІГЕРЛЕРМЕН БЕЙНЕ ЧЕЛЛЕНДЖ: АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАНДАРМЕН СҰХБАТТАР⚡️15 маусымда бүкіл елде атап өтілетін Медицина қызметкері күніне орай Денсаулық сақтау министрлігі бастаған #Мендәрігермін #яврач хэштегтерімен «Мен неге медицинаны таңдадым» дәрігерлермен челленджді Ұлытау облысының дәрігерлері қолдайды. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Opdo Ulytau (@opdo_ulytau)
Бұл балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылды.Бұл күні бөлімде балаларға күлкі сыйлайтын шығармашылыққа толы іс-шаралар көп болды:-балалар сурет салды, биледі, ойын ойнады-көңілді конкурстарға қатысты-ересектердің тарапынан болған назары мен жылуына бөлінді,қуандыОсы орайда Жезқазған қаласының «Halyk Bank» басшылығы мен ұжымына балаларға арнайы табыстаған сыйлықтары мен іс-шараға қатысқаны үшін ерекше алғысымызды білдіреміз.Әр бала сыйлық ретінде тәрбиелік маңызы бар қызықты…