Есірткі заттары мен вейптердің зияны
09.12.2025 ж. Жезқазған бизнес және көлік колледжінде психолог Миронова В.В. «Есірткі заттары мен вейптердің зияны» тақырыбында лекция өткізді.
09.12.2025 ж. Жезқазған бизнес және көлік колледжінде психолог Миронова В.В. «Есірткі заттары мен вейптердің зияны» тақырыбында лекция өткізді.
Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні — БҰҰ-ның халықаралық күні, жыл сайын 1 желтоқсанда аталып өтеді. Алғаш рет 1988 жылы ДДСҰ жариялап, 1996 жылдан бастап ЮНЭЙДС ұйымдастырып келеді. Бұл күннің мақсаты — ВИЧ-инфекциясының таралуынан пайда болған ЖИТС індеті туралы хабардарлықты арттыру, сондай-ақ осы аурудан қайтыс болғандарды еске алу.
2025 жылғы 17 қарашада психолог Миронова В.В. Жезқазған қаласының Тау-металлургия колледжінде «Зиянды әдеттердің алдын алу» тақырыбында лекция-тренинг және сауалнама жүргізді. Студенттер әңгімеге белсенді қатысты. Көптеген жаңа мәлімет алды.
2025 жылғы 17 қарашада психолог Виктория Владимировна Миронова Жезқазған технология және сервис колледжінде «Зиянды әдеттердің алдын алу» тақырыбында лекция-тренинг және сауалнама өткізді. Студенттер бұл тақырыпты белсенді талқылады. Өзі үшін көп жаңа әрі қызықты мәлімет алды.
2025 жылғы 04 және 05 қараша күндері психиатр-нарколог дәрігер Бейбітов Даулет Абдуллаевич жұмыс сапарымен Жайрем кенті мен Қаражал қаласына барды. Сапар барысында ол психиатрия және наркология саласындағы жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
2025 жылғы 5 қараша күні Қаражал қаласында «Қаражал тау-кен технологиялық колледжінде» ауқымды профилактикалық іс-шара өтті. Аталған іс-шараға Орталық психикалық денсаулық сақтау орталығының психологы Миронова Виктория Владимировна қатысып, «Зиянды әдеттердің жас өсіп келе жатқан организмге кері әсері», «Лудомания дегеніміз не» тақырыптарында баяндама жасады.
2025 жылғы 4 қараша мен 5 қараша күндері Жайрем кентінде, Қаражал қаласында мектеп оқушылары арасында Орталық психикалық денсаулық сақтау орталығының психологы Миронова Виктория Владимировна «Зиянды әдеттердің жас өсіп келе жатқан организмге кері әсері» және «Лудомания дегеніміз не» тақырыптарында дәрістер өткізді.
Оқушылар аталған тақырыптарды белсенді түрде талқылады. Өздері үшін көптеген жаңа әрі қызықты мәліметтер алды.
2025 жылғы 11–12 қыркүйек күндері Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны базасында «Психикалық денсаулық сақтау қызметінің ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмысын жетілдіру» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.
Іс-шараға өңірлік психикалық денсаулық сақтау қызметтерінің өкілдері қатысты. Семинар барысында психикалық денсаулық сақтау қызметінің ұйымдастырушылық-әдістемелік сүйемелдеу жүйесінің тиімділігін арттыру, психиатриялық көмектің жағдайын мониторингілеу мен талдаудың заманауи тәсілдерін енгізу, сондай-ақ ведомствоаралық өзара іс-қимылды дамыту мәселелері қарастырылды.
Ұлытау облысынан аталған жиынға Ақпараттық-талдамалық мониторинг орталығының меңгерушісі Дауытбаева А. Р. және дәрігер-психиатр-нарколог Мубаракова Г. Т. қатысты. Қатысушылар көтерілген мәселелердің өзектілігін атап өтіп, халыққа психиатриялық және наркологиялық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында ұйымдастырушылық процестерді одан әрі жетілдіруге дайын екендіктерін білдірді.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығына орай «АМАNАТ» партиясының Ұлытау облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ерлан Батырбекұлы Мырзабеков біздің қызметкерлерімізге адал еңбегі, жоғары кәсібилігі мен өз ісіне берілгендігі үшін алғыс хаттар табыстап, құттықтау сөзін жеткізді.
20.08.2025 ж. психиатр-нарколог дәрігер Аниар Б.А. ҚР ІІМ Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлеріне «Ойынға тәуелділік-одан шығу жолы.»тақырыбында семинар — сабақ өткізді.