3-ші қазақстандық психотерапевтік семинар-тренингке қатысты

3-ші қазақстандық психотерапевтік семинар-тренингке қатысты

11-16.08.2025 ж аралығында біздің мекеменің психологтары Ахмедова А. А. және Миронова В.В. Алматы қаласындағы «Қоғамдық денсаулық сақтаудың жоғары мектебі» Қазақстан медициналық университетінің базасында, Ресей Федерациясының Санкт-Петербург қаласындағы Б. Д. Карвасарский атындағы танымал және жетекші психотерапевтері — психотерапия және медициналық психология институтыны оқытушылары өткізген 3-ші қазақстандық психотерапевтік семинар-тренингке қатысты.

Нашақорлықпен және есірткінің заңсыз айналымымен күресудің халықаралық күні.

26 маусымда Дүниежүзілік маңызы бар мереке атап өтіледі. Бұл — Нашақорлықпен және есірткінің заңсыз айналымымен күресудің халықаралық күні. Ол 1987 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының өз қызметін күшейтуге және Нашақорлықсыз әлемдік қоғам құруға деген шешімінің көрінісі ретінде құрылды.
Нашақорлық — есірткіге психикалық және (немесе) физикалық тәуелділіктен туындаған ауру. Есірткі-психикалық жағдайдың өзгеруіне әкелетін табиғи немесе синтетикалық заңмен тыйым салынған заттар. Қазақстанда есірткінің таралуы, басқа елдердегідей, халықтың денсаулығына, ел экономикасына, құқықтық тәртіп пен мемлекет қауіпсіздігіне жаһандық қауіп төндіреді.
Өз ұлтының денсаулығына қамқорлық жасайтын бүкіл әлемдегі адамдар нашақорлық сияқты қорқынышты құбылыспен күресуде бірігеді. Сондықтан бүкіл адамзатқа осы қорқынышты ауруды еске түсіретін Дүниежүзілік нашақорлыққа қарсы күрес күні құрылды.

ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ДӘРІГЕРЛЕРІ «МЕН НЕГЕ МЕДИЦИНАНЫ ТАҢДАДЫМ» ЧЕЛЛЕНДЖІН ҚОЛДАЙДЫ

ДӘРІГЕРЛЕРМЕН БЕЙНЕ ЧЕЛЛЕНДЖ: АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАНДАРМЕН СҰХБАТТАР
⚡️15 маусымда бүкіл елде атап өтілетін Медицина қызметкері күніне орай Денсаулық сақтау министрлігі бастаған #Мендәрігермін #яврач хэштегтерімен «Мен неге медицинаны таңдадым» дәрігерлермен челленджді Ұлытау облысының дәрігерлері қолдайды.

30 мамырда КМҚК «ОПДО»-дағы балалар бөлімшесінде біздің кішкентай науқастар үшін нағыз мереке өтті.

30 мамырда КМҚК «ОПДО»-дағы балалар бөлімшесінде біздің кішкентай науқастар үшін нағыз мереке өтті.

Бұл балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылды.
Бұл күні бөлімде балаларға күлкі сыйлайтын шығармашылыққа толы іс-шаралар көп болды:
-балалар сурет салды, биледі, ойын ойнады
-көңілді конкурстарға қатысты
-ересектердің тарапынан болған назары мен жылуына бөлінді,қуанды
Осы орайда Жезқазған қаласының «Halyk Bank» басшылығы мен ұжымына балаларға арнайы табыстаған сыйлықтары мен іс-шараға қатысқаны үшін ерекше алғысымызды білдіреміз.
Әр бала сыйлық ретінде тәрбиелік маңызы бар қызықты ойыншықтар алды.
Біз балалардың көзінен шынайы қуаныш көрдік!
Осындай мерекені балаларға сыйлағандарыңыз үшін барлықтарыңызға алғысымыз шексіз!